Шетелдегі қандастардың қатысуымен Президент Жолдауы онлайн талқыланды

Шетелдегі қандастардың қатысуымен Президент Жолдауы онлайн талқыланды

Шетелдегі қандастардың қатысуымен Президент  Жолдауы онлайн талқыланды
ашық дереккөзі
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» шетелдегі қандастардың қатысуымен ZOOM платформасында онлайн талқылау ұйымдастырды. Іс-шарада мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа жоспарлар мен басым бағыттардың орындалуы үшін шетелдегі қандастарымыз өз ой-пікірлерін ортаға салды. Алыстағы қандас бауырларымыз атажұртқа ақ тілегін арнап, Президент көтерген оң бастамаларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдында оң имиджін қалыптастыруына атсалысатынын жеткізді. Елдегі денсаулық сақтау, білім саласындағы жаңа өзгерістер мен жобаларға шелдегі қандастарымыз қызығушылық танытты. Жиынға қатысушы қандастар өздерін толғандырған түйткілді мәселелерді де ортаға салды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» атқарып жатқан жобаларға ризашылығын білдірді. Аталған ұсыныс-пікірлерге «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов жеке-жеке тоқталып, жауап берді. Ол білім бағыты бойынша тың жобалардың алдағы уақытта болатын тілге тиек етті. Шетелден келетін талапкерлер үшін дайындық бөлімінің талапкерлеріне 2020-2021 жылдарға арналып 1300 орын бөлінгенін хабарлады. Жұқпалы індеттің таралуына байланысты мәдениет саласында да жұмыстар атқарылып жатқанын, кей жобалардың кейінгі қалдырылып немесе онлайн форматта жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Болашақта «Абай үйі»-мәдени-іскерлік үйі жобасы аясында шетелдегі қандастарымызға мәдени қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ жиын барысында мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және жүзеге асырудағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қорының» міндеттері де талқыланды. Ел іші  мен шетелдегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелері айтылды. Дамегул Арапбаева, Әлішер Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті институтының психогия кафедрасы доценті, (Өзбекстан Республикасы): – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының мазмұны түсінікті болды. Өзекті мәселелер қамтылған. Көп рахмет. Сондай-ақ, Жолдаудағы «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын қолдаймын. Өйткені, отбасы тек ұлттық қана емес, сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылық. «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы отбасындағы репродуктивті функцияның дұрыс бағыт алуына септігін тигізуі анық. Ұсыныс: біріншіден, шет ел қазақ ғалымдарының осылай онлайн басын қосып кездесу өткізілсе игі еді. Біз Қазақстан және шеттегі қазақ отбасының қазіргі ахуалы, әр елдің этнографиясы және этнопсихологиясындағы өзекті мәселелер жайлы мәліметтер талқыланса.  Екіншіден, Қазақстан және шет елдегі дарынды оқушылар ортасында кездесу ұйымдастыру қажет. Бұл оқушылырдың достасуына, пікір алмасуына, өз атажұртының тарихы жайлы көптеген мәліметтер алуына септігін тигізуі анық. Рысбек Масғұт,  «Жас қазақ» ұйымының Ұлан-Батыр қаласындағы өкілі, (Моңғолия): – Қазақстанның білім саласындағы бағдарламаларды жіті қадағалап отырамыз. Болашағын атажұртпен байланыстырғысы келетін жастардың саны жыл сайын артып келеді. Талапкерлер бір жыл дайындық бөлімінде оқып, Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысады. Тесттен алған нәтижесіне қарай білім ордасында оқуға мүмкіндік алады. Олар қазақ елінде білім алып, қызмет істегісі келеді. Білім бағытындағы бағдарламаларға сәттілік тілеймін. Гүлдана Нарынбетова, республикалық «Нұрлы жол» газетінің аймақтық тілшісі, (Өзбекстан): – Мен Науаи облысы қазақ ұлттық мәдени орталығының координаторы. Бізде 50 астам қазақ мектептері бар. Менің ұсынысым ұлттық болмысын сақтап қалған шетелдегі қазақ қандастарды қолдау мақсатында Абай орталығы Науаи қаласында да ашылса, бізге қазақ тіліндегі методикалық қолданбалар керек, қазақ көркем әдебиеттерімен сусындағымыз келеді. Жаннат Нұрбаева, жеке кәсіпкер, (Испания): – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадым. Жолдауда көтерілген ауыл шаруашылығы саласын дамыту орынды деп білемін, өте қуаныштымын. Бірінші мәселе шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету, салықтан босатылуы өте дұрыс. Өзім ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкер ретінде атажұртта мал бағудың көшпелі және отырықшы екі түрі қалыптасқанын білемін. Отырықшы шаруашылыққа арнайы қоралар, жем-шөп базасы, төрт түлікке арналған түрлі аурулардың алдын алатын вакцина қажет болады. Бұның барлығы қосымша қаражатты қажет етеді. Қазақстанда қазіргі мал шаруашылық саласында көшпелі мал бағу бағыты басым орынға шыққан. Ендігі мәселе мал тұқымын асылдандырып, етті және сүтті мал тұқымын өсіруге басымдылық берілсе дегім келеді. Эльвира Ысқақова, Минск қаласындағы халықаралық «Атамекен» қоғамдық бірлестігінің өкілі, (Беларусь): – Мен програмист маманмын. Беларусь елі он жылдан артық тұрып жатырмын. Президент Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыру мәселесін көтерді. Беларусь елінде Қазақстаннан келген өте талантты жастар жұмыс істейді. Олардың арасында болашақта елге қайтуды жоспарлап жүргендер де бар. Осы дарынды жастарды қазақ елінде жүзеге асырылатын цифрландыру жобалары мен түрлі бағдарламаларға бірлесіп қызмет істеуге жол ашылса деген ұсынысымды жеткізгім келеді.