Болашаққа сеніммен қарауға шақырды – Айбек Нұғымаров

Болашаққа сеніммен қарауға шақырды – Айбек Нұғымаров

Болашаққа сеніммен қарауға шақырды – Айбек Нұғымаров
ашық дереккөзі
Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» атанған қазақтың түйепалуаны Айбек Нұғымаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы жайлы өз пікрін білдірді. – Бүгінгі Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы алдағы уақыттағы ел дамуының басым бағыттары мен міндеттерін айқындап, жаңа жоспарлар мен жобалардың іске асырылуына жағдай жасайды. Жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелер мен олардың шешу жолдарын ұсынуы ел арасындағы әлеуметтік шиеленісті азайтып, болашаққа сеніммен қарауға итермелейді. Ұстаздар жалақысының артуы мен бұқаралық спортты жандандыру, зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалану мүмкіндігі, жер мәселесі мен жол жөндеу, кіші және орта кәсіпке қолдау көрсету, ұялы байланыс желісімен қатар қолжетімді ғаламтормен қамтамасыз ету мәселелеріның шешімін табуы қарапайым халық үшін ең жақсы бастама болары анық. Сондай ақ, карантин кезіндегі білім алу кезіндегі қиындықтарды ескеріп, толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Президент айтқан барлық бағыттар мен жобаларды, бастамаларды қолдап, іске асыру жолында еңбек етуге дайынмын және барлық отандастарымды шақырамын.