Әскерге шақыру медициналық комиссиясы жұмысын бастайды

Әскерге шақыру медициналық комиссиясы жұмысын бастайды

Әскерге шақыру медициналық комиссиясы жұмысын бастайды
ашық дереккөзі

Қазақстанның барлық өңірінде 1 сәуірінден бастап әскерге шықыру медициналық комиссиясы өз жұмысын бастайды. Мамандардың айтуынша, іс жүзінде медициналық комиссияға келген дені сау, моральдық-психологиялық тұрғыдан даярланған 6-7 жігіттің ішінен тек біреуі ғана әскерге шақырылатындығы анықталып отыр. Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген күннен бастап, оларды жүйелі түрде зерделеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұл ретте әскерге шақырылушының өзінен бастап, ата-анасы, жақын-жуығы, жұмыс істейтін ортасындағы арала-құралас адамдармен жеке пікір алмасулар болады. Әңгімелесу барысында әскерга шақыртушының денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және отбасы жағдайына ерекше көңіл аударылады. Сондай-ақ, медициналық куәландыруды жақсарту бойынша қосымша шаралар қарастырылмақ. Ең алдымен әскерге шақырылушы наркотестілеу, гепатитке, туберкулезді анықтау жөніндегі міндетті зертханалық тексерістерден өтеді. Қандай да бір ауруға шалдыққандығы анаықталатын жағдайда оның алдын алу шаралары қарастырылмақ.

ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Өсербаев: «Қазақстан әскері аралас тәсілмен мерзімді және келісімшарт бойынша әскерге шақырылу арқылы жасақталады. Әскери қызметтің барлық салаларында әлемдік тәжірибеге негізделген жаңа әрі озық өзгерістер енгізілуде. Осындай өзгерістердің бірі жеке құрамды жасақтау және әскерге шақыру мәселелерін тыс қалдырмады. Мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі», - деді.