Ұлан-Батырдан Нұр-Сұлтанға 30 тамызда арнайы ұшақ ұшады

Ұлан-Батырдан Нұр-Сұлтанға 30 тамызда арнайы ұшақ ұшады

Ұлан-Батырдан Нұр-Сұлтанға 30 тамызда арнайы ұшақ ұшады
ашық дереккөзі
Мемлекеттік төтенше комиссиядан шыққан шешім бойынша 2020 жылы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласына, 31 тамыз күні АҚШ-тың Сиатл қаласына Моңғолияның арнайы ұшағы ұшады. Бұл туралы Вице Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Нұр-Сұлтан қаласына жасалатын рейс жолда Қырғыз Республикасының Бішкек қаласына аялдап сол елде коронавирус инфекциясы салдарынан бөгеліп қалған Моңғолияның 30 ға жуық азаматын алып қайтады. Бұл рейстерде барлығы 520 ге жуық жолаушы тасымалданады.
Осы айда барлығы 17 реткі рейспен 4,240 азамат елге оралған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі төмендегідей ақпаратты ұсынады. Құрметті Отандастар! Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының шешіміне сәйкес, Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша ұшақ 2020 жылғы 30 тамызда ұйымдастырылады. Ұшақтың нақты ұшу уақытын «MIAT» әуе компаниясы пысықтауда. Рейстің ұшу уақыты және билеттің құны жөнінде ақпарат болған кезде қосымша хабарлаймыз. Сонымен қатар, ұшаққа отыратын адамдардың жүктері 23 кг аспау керек екенін қатаң түрде ескертеміз. Демек, 23 кг бір чемоданда болуы қажет.