«Nur Otan» партиясы 16 мың медициналық маска таратты

«Nur Otan» партиясы 16 мың медициналық маска таратты

«Nur Otan» партиясы 16 мың медициналық маска таратты
ашық дереккөзі
Пандемия кезінде азаматтарға қолдау көрсету аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы қаланың «Бақытты отбасы» 8 аудандық орталықтарында көпбалалы аналарға 16 мың медициналық маска таратты. Қала бойынша қорғаныс құралдарын «Бақытты отбасы» орталығының үш жүз қызметкері алды. «Акция халыққа карантин аяқталмағанын және қауіпсіздік шараларын сақтану керектігін жеткізеді. Сақтық шараларын ұстанбау сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Мамандардың кеңестеріне жүгініп, өздеріңізді сақтау керектегін естеріңізге саламыз», – деді партия мүшесі Мади Ахметов. Естеріңізге салсақ, пандемия кезінде партия мүшелерінің басым бөлігі аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қайырымдылық ұйымдарына және т.б. өтеусіз көмек көрсетеді. Сонымен қатар, олар тегін ыстық тамақ, медициналық бұйымдар, дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныс құралдарымен қолдау көрсетуде.