«Nur Otan» партиясы аудандық орталық ауруханасына көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы аудандық орталық ауруханасына көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы аудандық орталық ауруханасына көмек көрсетті
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалына қазіргі ахуал кезінде қала тұрғындары тарапынан медициналық құрылғыларға қажеттілік еселеп артқандығын айтып, аудандық орталық ауруханасынан демеушілік көмек көрсету бойынша өтініш түскен болатын.  «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев және аудандық маслихат депутаттары А.Сләмов, Е.Абдрахманов, С.Жабжанов, Қ.Қатыкбаев, С.Қарабеков,   В. Игнатченко, Е.Жуанышбаев,  Ө.Қойшыманов аудандық орталық ауруханаға 2 тыныс алу аппаратын, 5 обаға қарсы костюм комплектісімен, 2 кондиционер, 1 ноутбук, 1 компьютер, 5 тонометр, 50 дана пульсометр мен глюкометрлер табыс етті. Орталық аудандық аурухана басшысы А. Бутабаев аудандық партия филиалына және депутаттық фракция мүшелеріне өз ризашылығын білдірді