Бұл – шынайы бәсеке алаңы

Бұл – шынайы бәсеке алаңы

Бұл – шынайы бәсеке алаңы
ашық дереккөзі
2020 жылдың 18 тамызында «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың қатысуымен  «Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай. «Nur Otan» партиясының праймеризі елімізде эволюциялық өзгерістер жасауға бағыт» тақырыбы аясында Лига жақтастарының жетінші ZOOM-конференциясы өтті. Сондай-ақ конференцияға бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлер және т.б. азаматтар қатысты. Конференцияны модератор ретінде саясаттанушы Ерлан Саиров жүргізді. Он­лайн-кездесуге блогер Денис Горобец, Қара­ғанды облысы дзюдо федерациясының вице-президенті Ғабдолла Дүйсенбаев, «Арқалық қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов Instagram-дағы v Petropavlovske паблигінің авторы Дмитрий Протопопов, саясаттанушы, журналист Нина Митчинова, кәсіпкер Алмагүл Молдабаева және басқалар қатысты. Конференцияның модераторы, саясат­танушы Ерлан Саиров іс-шараны аша оты­рып, бүгінгі таңда әлемдегі ахуал шиеле­ніс­кенін, АҚШ пен Қытай арасындағы жағдай қиындай түскенін, сондай-ақ Ресей мен Бело­русьтегі толқуларды атап өтіп, осыған бай­ланысты Қазақстан бірінші кезекте мем­лекетіміздің эволюциялық дамуы туралы ойлануы тиіс екенін айтты. Ерлан Саировтың айтуынша бұл өзгеріс­тердің символы ретінде еліміздің әрбір аза­маты болуы тиіс. «Біз қандай да бір өз­геріс­терді талап еткенде, әрқайсымыз өз­гергенше ешқандай да өзгеріс болмай­тынын, мін­ез-құлық мәдениеті немесе саяси тәуелділік өзгермейтінін білуіміз керек. «Nur Otan» партиясы бүгін прай­мериз­ді жария­лап отыр және праймериздің бүкіл әлемдегі демократияның негізгі ас­пектісі екенін біле­міз. Бұл бүкіл әлемде адал және ашық ерік-жігер», – деп атап өтті кон­ференция мо­дераторы. Конференция барысында спикерлер пар­тияның праймеризіне қолдау білдіріп, праймеризге кандидат және бақылаушы ретінде қатысуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, Денис Горобец, Нина Мит­чинова және Дмитрий Протопопов БАҚ және әлеуметтік желілерде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. «Менің ойымша, әлеу­меттік желілер арқылы праймериз және бар­лық сайлау процестерін, сондай-ақ болашақ депутаттарды қолдау қажет. Мен міндетті түрде көмектесемін, праймеризді қолдаймын және сайлау өткізу барысында қоғамдық бақылауды жүзеге асырғым келеді», – деді v Petropavlovske қоғамдық қоры­ның авторы Дмитрий Протопопов. Денис Горобец Birgemiz қоры көмегінің маңызын атап өтті. «Мен интернетте прай­мериз барысын жариялап отыруға көмек көрсетемін. Biz Birgemiz акциясы адамдарға көп көмек көрсетті. Алайда партия ішінде өз­герістер қажет және бұл праймериз бізге қа­жет», – деп атады. Нина Литвинованың айтуынша, Ақмола облысының жастары партия ішіндегі сай­лауға белсенді қызығушылық танытып отыр және қатысуға дайын. «Праймеризге қаты­суға көп жас ниет білдіріп отыр», – деді ол. Сөз соңында спикер облыс халқы қазір «Nur Otan» партиясының праймеризі өтіп жатқаны туралы бұқаралық ақпарат құрал­дарынан және әлеуметтік желілер арқылы жақсы хабардар екенін атап өтті. Өз кезегінде «Арқалық қаласының Жас­тар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов праймеризге қатысатынын айтты. «Ал праймеризге келер болсақ, мен аталған науқанға міндетті түрде қа­тысамын. Өйткені ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біріншіден, партия ішіндегі бәсекені арттырады», – деді ол. Сондай-ақ спикер ел бірлігінің арқасында вирусты ауыз­дықтағанын және қазір жағдай тұрақ­талғанын айтты. Сонымен қатар жас саясаттанушы Бауыр­жан Серікбаев бақылаушы боламын деген азаматтармен де байланыс орнат­қанын айтып, праймериз өткізудің маңызы туралы өз пікірімен де бөлісті. «Праймериз Қазақстанда бірінші рет өткізілген соң халықтың арасында сеніммен қатар аздаған күдік те жоқ емес. Біз тәуелсіз бақылау­шы­ларды республика бойынша тартуымыз керек. Аудандардағы кәсіпкерлерді де тарту маңызды. Праймериздің әділ өтуіне, жа­лынды жастардың жаңа қызметтерге келуі­не жағдай жасауымыз керек», – дейді ол. Онлайн кездесуге қатысушылар прайме­риз­ді өткізу ережелеріне, шарттары мен кезеңдеріне, дауыс беру тәртібіне, квоталау жүйесіне қызығушылық танытты. Конференцияны қорытындылау бары­сын­да «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев үгіт-насихат кезінде праймериз қатысушыларына сындарлы сын ұстанып, бар проблемаларды айтудан қо­рықпауға шақырды. «Біз орынды сын айта алатын адамдардың праймеризге қатысу арқы­лы жеңіске жетіп, «Nur Otan» партия­сының ғана емес, сондай-ақ билік өкілет­тіктеріне ие, келеңсіз жағдайларды өзгерту мүмкіндігі бар адамдар тобының бір бөлігі­не айналуы үшін механизм жасаймыз», – деп атап өтті Арман Қырықбаев. Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды жә­не ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-наси­хатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бө­лінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кан­дидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, со­ның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көп­шілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көр­сетіледі.