Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады

Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады

Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады
ашық дереккөзі
17 тамыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады, бірақ қойылатын талаптар күшейтілді. «Қоғамдық көліктер отыратын орындар санына қарай толтырылады. Міндетті талаптар – маска режимі және соңғы аялдамарда дезинфекция жасау. Әлеуметтік қашықтық пен жеке гиниенаны сақтаудың да маңызы зор», – дейді Айжан Есмағамбетова. 17 тамыздан бастап спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін де жақсы жаңалық: елімізде ұлттық құрамалар мен спорттық клуб командаларына жаттығуға қайта кірісуге рұқсат етіледі. «Тұрғындарға спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі. Бұл – жеке спорт түрлері, ашық аспан астында топтық жаттығулар. Жаттығу жасайтындар саны 5 адамнан аспауы керек және әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Бұған қоса, біз спорттық базаларда 30 адамнан аспайтын жағдайда және ұлттық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар сақталатын болса, ұлттық құрама командаларға, спорттық клубы командаларына спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат бердік. Халық үшін бір отбасы мүшелерін қоспағанда көшеде 3 адамнан көп жүруге рұқсат етілмейді. Саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, яғни ашық аспан астындағы барлық нысандарға баруға болады. Бірақ әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек», – дейді ол.