14 Тамыз, 10:45 497 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қазақстан-АҚШ командалары шахматтан онлайн-матч өткізеді

15 тамыз күні Қазақстан командасының АҚШ командасына қарсы халықаралық онлайн-матчы өтеді.

Бұл шара «Nations League 2020» (Ұлттар лигасы 2020) онлайн-жарысының аясында өткізіледі, – деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайты.

Қазақстанның шахмат федерациясы елдің барлық шахматшыларын – әуесқойлар мен кәсіби ойыншыларды «Kazakhstan Chess» клубының құрамында ойын ойнап, республика намысын қорғауға шақырады. АҚШ командасына қарсы матч 15 тамызда өтеді.

Ойынның басталуы:

1) Блиц - Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-де.

Уақытты бақылау: 3 мин + 2 сек. Қатысуға ниет білдіргендер онлайн матч ұйымдастырылатын ресурста «Жарыстар» батырмасын басып, «USA — Kazakhstan» турнирін өздігінен таңдай алады.

2) Рапид – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:42-де.

Уақытты бақылау: 15 мин. + 2 сек. Қатысушылар сілтеме бойынша «USA — Kazakhstan» жарысын өздігінен таңдай алады. Nations League 2020 жарысына қатысу үшін Chess.com платформасында «Kazakhstan Chess» клубына кіру туралы өтінім беру керек.

Әрбір матчқа бөлек қосылу қажет. Ойынға қосылу 1 сағат бұрын басталады.

Соңғы жаңалықтар