Рашхан Сыдайқызы: COVID-19 адамдарға психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тиді

Рашхан Сыдайқызы: COVID-19 адамдарға психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тиді

Рашхан Сыдайқызы: COVID-19 адамдарға психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тиді
ашық дереккөзі
– Індетпен күресуде жеке клиникалардың да қосқан үлесі зор екенін білеміз. Осы ретте өзіңіз басқарып отыр­ған RASHMED медицина ор­талығы қай кезден бастап ви­руспен ауырған науқас­тар­ға көмек көрсете бас­та­ды? – Алғаш төтенше жағдай жа­рия­ланған кезде Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы орта­лы­ғымыздың жұмысын тоқтаттық. Ма­мыр айынан бастап медицина ор­талығының жұмысын қайта бас­тап, сақтық шараларын тиісті дең­гейде сақтап, қажетті заттарды са­­тып алып, науқастарды қабыл­дай бастадық. Алғашында, тіпті кім­нің коронавируспен, кімнің пневмониямен келіп жатқанын өзі­міз де ажырата алмай қалдық. Бұл жағдайда науқастарды ПЦР тест тапсыруға, рентгенге түсуге, қажетті сараптамалар нәтижесін әкелуге жібердік. Бірақ не­ше күн бойы тест тапсыра алма­ған­дар болды, ондай науқастар са­ны тым көп және ауруханада орын жоқ екенін көріп тұрып біз ха­лықтың кеудесінен итере алмадық. Сақтық шараларын сақ­тап, қолымыздан келгенше нау­қас­тарды емдеуді бастадық. Вируспен екін­ші рет ауырып келген нау­қас­тарды да емдеп жаздық. Емделу­ші­ле­рімізге аяғымыздан тік тұрып қыз­мет еттік. Иммунитет көтере­тін, қызу түсіретін, қабынуға қарсы дә­рілерден бөлек, 18-19 шөптен пнев­монияға, бронхитке қарсы, қан айналымын жақсартатын тұн­балар ішкізіп, жан-жақты ем-ша­ра­ларын жасадық. Қазіргі таңда қат­ты дене қызуы, жөтел белгіле­рі­мен келетін адамдар жоқтың қа­сы, бірақ ауруханаға жатып шық­қаннан кейін әлсіздік сезініп ем­деліп жатқандар бар. – Қазіргі адамдарды не алаң­датады және олар қан­дай шағымдармен келіп жа­тыр? – COVID-19 індеті адамдарға ең ауыр соққыны психологиялық тұр­ғыдан жасады. Бүгінде адам­дар­дың болашаққа деген алаңдау­шы­лығы басым. Сыртқа шықса да, «ви­рус жұғып кетпесе екен» деген үрей бар. Сәл шаршаса, басы ауыр­са алаңдайды. Адамдарға пси­хо­логия­лық тұрғыдан өздерін жаман ой­дан азат етуі керек. Жалпы, көп­­­шілік бұл індеттің қиын екенін, уақ­ытында емдемесе, өміріне қауіп тө­нетінін, тіпті өлім жағдайына әке­летінін түсінді. Халық сақтық ша­раларын қолға алып жатыр, бі­рақ симптомды және симптомсыз науқастар әлі де көп кездеседі.  width= – Вирустың өршуімен елі­мізде онлайн кеңес алуға жү­гінетіндер саны артты. Сіз­дің орталыққа онлайн кеңес алуға кімдер жүгінеді? – Клиниканың телефоны же­дел жәрдемнен кем шырыл­дамай­ды. «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап іздеп хабарласушылар түн о­ртасында да толастаған емес. Он­дайда шамамыз келгенше адам­дар­ды сабырға шақырып, психо­ло­гия­лық көмек беріп, ауа алмастыру, есік-терезе ашу, дұрыс тамақтану, де­не жаттығуларын дұрыс жасау сын­ды кеңес береміз. Ал хабар­ласу­шылардың жас ерекшелігі мен ма­мандықтары да әртүрлі. Ауырып, жа­нына ем іздегендер де, аурудың ал­дын алғысы келгендер де ха­бар­ласады. Қазір көпшілікті алаң­да­татын «Коронавирустың екінші тол­қынында не істеуіміз керек?» деген сауал. «Қандай дәрілер ішуі­міз керек, тіпті алдын ала дәрі іше беруімізге бола ма?» деп сұрай­тын­дар да бар. Ауырмасаңыз, алдын ала дәрі ішуге кеңес бермейміз. БАД, дәрумендер ішіп алдын алуға бо­лады деп айтудан аулақпыз. Қазір елдің бәрі емші, елдің бәрі дәрі­гер болып кетті. «Мынаны ішіп жазылдым» деп елге жарнама жа­сап жатады. Бірақ оны ішіп жа­зыл­ған адам кеңес еткен дәріні ішкен екінші науқастың қосымша ауруы асқынып кетуі мүмкін. Ет жеңіз, сор­па ішіңіз деп айтамыз, бірақ қан қысымы көтеріліп тұрған адам көп мөлшерде сорпа ішетін болса, қысымы одан ары жоғарылай­ты­нын ескерген жөн. – Карантин жағдайында онлайн жұмыс істеу көп адам­ның ұйқы режимін бұз­ды. Осы орайда ұйқы­ның тыныш болуы корона­вирус­тың алдын алуда және кү­ресуде қаншалықты маңыз­ды деп сұрағым келіп отыр. – Уақытылы ұйықтау адам ағ­за­сына, иммунитетке, жүйке жүйе­сіне, қан айналымына, ішкі сек­ре­цияға пайдалы. Ал ұйқының дұрыс бол­мауы керісінше иммунитетті төмендетіп, ішкі секрецияның жә­не жүйке жүйесінің қызметін бұ­зады, қан айналымын баяулатады. Егер дұрыс ұйықтамағандықтан им­мунитет төмендейтін болса, он­дай адамның жұқпалы ауруларға, вирустарға, микробтарға қарсы тұру қуаты төмендеп, ауруды оңай жұқтырып алады. Сол үшін тек коро­навирусқа байланысты емес, жал­пы әрдайым уақытылы ұйық­тау өте маңызды. Коронавирустан сақтанып, алдын алудың 4 негізгі жолы бар. Оның біріншісі – топ­тық ортаға бармау, таза ауамен ты­ныстау, үйдің ауасын алмастыру, яғни оңашалану, оқшаулану. Екін­шіден бетперде тағу арқылы ви­рус­тың тыныс жолы арқылы жұғуы­нан сақтану және оны жиі ауыс­ты­рып тұру. Үшінші – үнемі қол жуу, ал төртіншісі ұйқы тыныштығын сақтау. – Коронавируспен ауыр­ған және ауырмаған адам­дардың сақтану шаралары қандай болуы керек? – Вирус жер бетінен жойылып кет­кенше сақтану шаралары тура­лы айта береміз. Өйткені індеттің қашан және қалай кететінін ешкім біл­мейді. Бұл жағдайда сақтан­ған­нан басқа амалымыз жоқ. Түшкіру, әлсіздік, бас ауыруы, дене қызуы­ның көтерілуі, тамақтың жыбыр­лауы, кеуде қуысының ауыруы, жү­рек қағысының, тыныс алудың жиі­леуі – аурудың басты белгілері. Ви­рус жұқтырған адамдарға айта­рым, сабырлы болып, көңіл күйді ор­нықты ұстауы керек. Өйткені адамдар «өліп қалатын болдым» деп ішкі көңіл-күймен арпалысқан сайын қан қысымы бар адамның қысымы одан ары көтеріліп, қо­сым­ша аурулары болса, олар қозып кетуі мүмкін. Сол себепті сабырлық танытып, уайымға салынбау керек. Әр ауруды емдеу тәсілі болатыны секілді, коронавирусты да имму­ни­тетті көтеру арқылы емдеуге бо­ла­ды. Коронавируспен ауырмағандар осы сақтық шараларын жасап, спортпен айналысуы керек. Қи­мыл-қозғалыс өте маңызды, таңер­тең және кешке таза ауада кө­бірек жүрген дұрыс. Жаз айларында дәру­менге толы көкөністерді, же­міс-жидектерді жеп, қымыз, шұбат, айран, сүт, сорпа ішу керек. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, қан қы­сымы көтеріліп тұрған адам қы­мыз ішсе, қан айналымы жыл­дам­дап, қан қысымын көтеріп жібе­ре­ді. Ал қаны қою кісілер өте майлы сор­па ішпеуі керек. Сонымен қатар кү­ніне 2-3 литр таза жылы су іш­кен жөн. Жас балалар мен жасы 60-тан асқан кісілерге судың бұл мөл­шері көп болады, сондықтан адам жасы мен салмағына қарай таңертең аш қарынға жылы су ішу­ден бастағаны дұрыс. Дұрыс та­мақтану, салауатты өмір салтын ұста­ну және жеке тазалықты қолға алу арқылы бұл вирусты жұқтыр­май аман-есен өтуге болады.  

Сұхбаттасқан Арайлым  ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ