13 Тамыз, 09:57 876 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Өкпесінің 70 пайызы зақымданған 90 жастағы әжей індетті жеңді

Шымкент қаласындағы "Мейірім" провизорлық орталығында ем қабылдаған 90 жастағы Күлсара Қарсыбаева пневмониядан 25 күнде жазылып шықты, деп хабарлайды Отырар арнасы.

Күлсара әжейдің алғашқыда тыныс алуы қиындап, инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін өкпесінің екі жақты 70 пайыз зақымданғаны анықталып, пневмония диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде үш күн емделген соң, "Мейірім" провизорлық орталығына өз қалауымен ауыстырылды.

Түскен кездегі науқастың жағдайы ауыр болған. Ақ халаттылар дер кезінде емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіп, дұрыс жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде, 25 күннің ішінде Күлсара Қарсыбаеваның денсаулығы жақсара түскен. Денсаулық жағдайының ауырлығына және қосымша созылмалы ауруларына (созылмалы холецистит, панкреатит, артериялық гипертензия) қарамай, әжей пневмониядан жазылған.

Дәрігерлер Күлсара Қарсыбаеваның қазіргі жағдайы жақсы екенін айтады. Толықтай сауыққан әжей дәрігерлеріне ақ батасын беріп, отбасына оралған.

Соңғы жаңалықтар