Қарақұмық ұнынан жасалған глютенсіз өнімдер нарыққа шықты

Қарақұмық ұнынан жасалған глютенсіз өнімдер нарыққа шықты

Қарақұмық ұнынан жасалған глютенсіз өнімдер нарыққа шықты
ашық дереккөзі
«Глютенсіз өнім» деген жапсырмасы бар тауардың барлығы ағзаға пайдалы деп есептеу үлкен қате. Қазақстан және әлем нарығында ұсынылған глютенсіз өнімдерде транс майлар, тазартылған қант және химиялық ингредиенттер болады. Осы мәселені шешу үшін жас қазақстандық VegApple компаниясы толыққанды және дұрыс тамақтану талаптарына сай келетін тауарлар желісін нарыққа шығарды. – Жас балалар үшін де, медициналық себептермен диета ұстанатын адамдар үшін де қолайлы 100% глютенсіз және денсаулыққа пайдалы ұн қоспасын ойлап табуды көптен бері армандадым, – дейді VegApple негізін қалаушы Юлия Грошева. Карантин кезінде біз бұрын қолданған ұнды жеткізу тоқтатылды. Ал қалған тауар бағасы екі есеге өсті. Өндірісті тоқтатпау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет болды. Осылай, дағдарыстың арқасында идея жүзеге аса бастады, – дейді ол. VegApple технологтары астықтың түрлерін зерттеп, қарақұмық жармаларын мұқият тексерді. Жаңа өнімді жасау кезінде бірнеше өлшемдерге үлкен мән берілді. Бастысы – ұн моно қоспадан, яғни бір ингредиенттен тұруы керек. Екінші маңызды фактор – ыстыққа төзімділік және тұрақтылық. Үшінші шарт – ішіне салынған қоспа дәмін сезіну үшін ұнның дәмі үстем болмауы керек. Жасыл қарақұмық ұны осы өлшемдердің барлығына толықтай сай келеді. Сонымен қатар ол гипоаллергенді және дәрумендерге бай. «Клиенттерімізге толықтай сенімді өнімді ұсынуға қуаныштымыз. Қарақұмық ұнынан жасалған жартылай фабрикаттар – бұл әлемдік нарықтағы ерекше өнім, олар толықтай глютенсіз, жұмыртқасыз және крахмалсыз. Тұтынушылар тарапынан жағымды пікірлер алып жатқанымызға қуаныштымыз, – дейді Юлия Грошева.