Семейде тері-былғары комбинаты қайта іске қосылды

Семейде тері-былғары комбинаты қайта іске қосылды

Семейде тері-былғары комбинаты қайта іске қосылды
ашық дереккөзі
Семей қаласындағы тері-былғары комбинатында ірі қара мал терісін өңдеу, былғары өнімдерін өндіру және өткізу қолға алынбақ. Бүгінгі таңда 60-тан астам адам жұмыс істейтін зауытта болашақта комбинат қуаттылығының жүктелуіне қарай қызметкерлер саны 200-ге дейін жетеді деп жоспарланып отыр. «Бүгінгі таңда шикізат жеткізу партиясы алынды, іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргіздік, 3 000 шаршы метрден астам дайын өнім – wet blue жартылай фабрикатының тәжірибелік партиясын шығардық», – деді «Semey Tannery» ЖШС атқарушы директоры Руслан Бисенов. Жоғары сапалы былғарыны хромды илеудің wet blue жартылай фабрикатын дайындау – бұл жоғары кәсіби көзқарас пен мамандандырылған білімді қажет ететін үш сатылы илеу процесі. Бұл өнім жоғары сападан басқа, беріктігімен, қолайлы өзіндік құнымен және сәйкесінше, материалдың төмен бағасымен ерекшеленеді. Бұл жартылай фабрикатты жеңіл, жылы күртешелер, аяқ киім, аксессуарлар, әр түрлі қалпақтар, белдіктер шығару үшін қолдануға болады. Комбинаттың қуаты жылына 1,7 млн. шаршы метрге дейін wet blue жартылай фабрикатын құрайды деп жоспарлануда.