Сенат сайлауы: Алматылық депутаттар Сұлтанбек Мәкежановқа сенім білдірді

Сенат сайлауы: Алматылық депутаттар Сұлтанбек Мәкежановқа сенім білдірді

Сенат сайлауы: Алматылық депутаттар Сұлтанбек Мәкежановқа сенім білдірді
ашық дереккөзі
Алматыда Сенат депутаттарының сайлауы мәресіне жетті.  Сайлауға қаладан үш үміткер түсті: Андрей Захаров, Тимур Нұртаев және Сұлтанбек Мәкежанов. Дауыс беруге қатысқан 30 депутаттың барлығы да Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың кандидатурасын қолдады. Ал елордада үш кандидаттың арасынан Ақылбек Күрішбаев көп дауыс жинады. Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғары палата еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін қамтамасыз ететінін мәлімдеген. Сенат спикерінің айтуынша, әр қабылданған заңның ондаған мың отбасы мен нақты адамдардың тыныс-тіршілігіне тікелей әсері бар. "Осы ретте Парламент Палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді әрі теңгерімді болуына мүмкіндік береді және Заңдарды елдің, сондай-ақ, әр азаматтың мүддесін ескеріп қабылдауды қамтамасыз етеді", – деді ол.