12 Тамыз, 10:37 777 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Минскте тағы бір мазасыз түн өтті

Беларусьтегі наразылық шерулері басылар емес. Минск тұрғындары президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтіндерін айту үшін өткен түні де көшеге шықты.

Қаланың орталығынан шағын аудандарға ойыса бастаған наразы топты тарқату үшін күштік құрылымдар оларға қарсы көзден жас аққызатын газ бен резеңке оқтар, қатты дыбысты граната  қолдануда. Қалада көлік қозғалысы шектелген.

Полиция демонстранттарды ұстап әкетіп жатыр. Алғашқы екі күнде 5 мың адам ұсталған. 200-ден астам адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Бір адамның көз жұмғаны белгілі болды. Минск тұрғындары демонстрант қаза болған «Пушкинская» метро станциясының маңына келіп, гүл шоқтарын қоюда.

Жарақат алғандар арасында оқиға орнынан хабар таратқан журналистер де бар. ВВС-дің түсірілім тобына шабуыл жасалған. Жергілікті БАҚ өкілдері де жарақаттаныпты. Кейбірі  хабар-ошарсыз кеткен.

Соңғы жаңалықтар