Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы» (http://program.2gov.kz/) және «Мемлекеттік БАҚ порталы» (http://news.2gov.kz/) деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты. Бұл туралы ведомствоның Telegram-каналында хабарланды. Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпараттар, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және тағы басқасы орналастырылады. Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады. Ал Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.