Бейруттағы жарылыс орнында үлкен кратер пайда болды

Бейруттағы жарылыс орнында үлкен кратер пайда болды

Бейруттағы жарылыс орнында үлкен кратер пайда болды
ашық дереккөзі
Бейруттағы жарылыс салдарынан порт жойылып, сан мыңдаған үй қирап қана қоймай, үлкен кратер пайда болды. Мамандардың есептеуінше, оның тереңдігі 43 метр. Еске сала кетейік, 4 тамызда Бейруттағы портта аммиак селитрасы сақталған қоймада жойқын жарылыс болды. 158 адам қаза тапты, 6 мыңнан аса адам зардап шекті. Зардап шеккендер арасында Қазақстанның консулы да бар. Қазір апат орнында іздестіру операциясы жалғасуда. Алайда мамандар құтқару жұмыстарын тоқтатты. Өйткені  қирандылар астынан тірі адамдардың табылуы екіталай. Жарылыс салдарынан 250 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды. Астық қорының 85 проценті жойылды.  Төтенше жағдайдан келтірілген материалдық шығын 15 миллирд долларға дейін жетуі мүмкін. Апат онсыз да экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатқан мемлекет үшін үлкен соққы болды. Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон әлем елдерін Ливанға көмектесуге шақырғанын хабарлағанбыз. Макронның бастамасымен Ливанға қолдау көрсету жұмыстарын үйлестіру бойынша «донор елдер» жиыны онлайн форматта өтті. Жиында Франция президенті жойқын жарылыстан зардап шеккен Ливан халқына көмектесу керегін алға тартты. Макронның сөзінше, бұл іс Ливан мен оның халқын қолдаудағы бірліктің бірегей үлгісі болуы тиіс.