11 Тамыз, 10:52 414 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Әлемде 20 миллионнан астам адам індет жұқтырды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 011 186-ға жетті. Ал індет құрбандарының саны 734 мыңнан асты. АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. 

Індет жұқтырғандар саны бойынша жаһанда көш бастап тұрған АҚШ-та бүгінге дейін 5 089 470 адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 163 мыңы қайтыс болды.

Екінші орында  3 миллионнан астам тұрғыны індетке шалдыққан Бразилия тұр. Елде 101 мыңнан астам адам індеттің құрбаны болды.

Ал үшінші орында - Үндістан. Бұл елде 2,2 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 44 мыңнан астамы көз жұмды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 722 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 100 мыңнан асты. 73 мыңнан астам адам емделіп шықса, 1269 науқас қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар