10 Тамыз, 13:26 414 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Елордада Кенесары көшесі уақытша жабылады

Нұр-Сұлтанда Кенесары көшесі 28 тамызға дейін ішінара жабылады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында Кенесары көшесінде Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 10-28 тамыз аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Соңғы жаңалықтар