9 Тамыз, 16:41 423 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Ресейде індетке шалдыққандар саны 887 мыңнан асты

Өткен тәулікте Ресейдің 84 өңірінде коронавирус жұқтырудың 5189 жаңа дерегі тіркелді. Олардың 26,6 пайызы – симптомсыз науқастар. Бұл туралы елдегі індеттің таралуын бақылау жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Елде бір тәулік ішінде 3215 адам емделіп шықса, дерті асқынған 77 науқас көз жұмды. Пандемия басталғалы Ресейде індет жұқтырғандардың жалпы саны 887 536-ға жетіп отыр. Індет құрбандарының саны – 14 931. 693 422 адам індетті жеңді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асқанын хабарлағанбыз.  Індеттен елде барлығы 161 900 адам қайтыс болды. Соңғы аптада әр тәулік сайын шамамен 1000 адам көз жұмуда.

Ал Қазақстанда соңғы тәулікте 872 адамнан коронавирус анықталып, қатерлі вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 98 701-ге жетті. Індеттен 1058 отандасымыз көз жұмды. Сондай-ақ, коронавирус белгілері бар пневмониядан 152 науқас қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар