Президенті Ахметжан Есімовті қабылдады

Президенті Ахметжан Есімовті қабылдады

Президенті Ахметжан Есімовті қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Кездесуде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды. Ахметжан Есімов Президентке Ресеймен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.