Ұлттық гвардия қолбасшысының орынбасары жанармай ұрлады деген күдікке ілінді

Ұлттық гвардия қолбасшысының орынбасары жанармай ұрлады деген күдікке ілінді

Ұлттық гвардия қолбасшысының орынбасары жанармай ұрлады деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық гвардиясы өңірлік бөлімі қолбасшысының орынбасары жанар-жағармай материалдарын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, – деп жазды ҚазАқпарат. «Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 тамызда жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін күдікке ілінген Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 52859 әскери бөлімі өңірлік қолбасшылығының орынбасарын ұстады», – деді тергеуші. Оның атап өтуінше, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.