42 500 теңге: 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды

42 500 теңге: 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды

42 500 теңге: 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес карантин кезінде табысын жоғалтқан 2,2 млн-нан астам адам біржолғы төлем алды. 7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 480 мың бірегей өтініш түсті. Төлем мөлшері ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ең төменгі жалақы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде:
  • 835,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
  • 632,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 370,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 642,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бойынша:
  • 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
  • 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
  • 1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 227,1 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.