Финляндия туристік сапарларды қайта шектемек

Финляндия туристік сапарларды қайта шектемек

Финляндия туристік сапарларды қайта шектемек
ашық дереккөзі
Финляндия үкіметі 10 тамыздан бастап Нидерланд, Бельгия және Андоррамен арадағы барыс-келісті шектеу туралы шешім қабылдады.  Бұған аталған елдерде эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Ел үкіметі 14 күн сайын туристік саяхаттарға рұқсат берілетін елдердің тізімін жаңартып отырады. Тұрғындарына Финляндия шекарасынан еркін өтуге рұқсат берілетін мемлекеттерде соңғы 14 күндегі коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 8-ден аспауы тиіс. Бүгінгі таңда Финляндия мен Норвегия, Дания, Исландия, Эстония, Латвия, Литва, Италия, Грекия, Лихтенштейн, Мальта, Германия, Словакия және Венгрия, Кипр, Ирландия, Сан-Марино, Ватикан, Грузией, Жапония, Жаңа Зеландия, Руанда, Оңтүстік Корея, Тайланд, Тунис, Уругвай мен Қытай (Еуроодақпен келісімге қол жеткізген жағдайда) арасындағы туристік сапарларға рұқсат берілген.