«Nur Otan» ауылдық ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын алуға көмектесті

«Nur Otan» ауылдық ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын алуға көмектесті

«Nur Otan» ауылдық ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын алуға көмектесті
ашық дереккөзі
«Халыққа көмек»  жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалына Шелек ауылдық ауруханасынан бұрандалы ауа компрессоры аппаратына  сұраныс түсті.  Тиісті шаралар қабылданып, «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев аталған мәселені шешу бойынша Шелек ауылының тұрғыны Ушуров Біләлмен хабарласты. Ушуров Біләл  әулеті  Шелек ауылында орналасқан ауруханаға 4 млн теңгеге 1 дана бұрандалы ауа компрессоры тарату аппаратын тапсырды. Игі іс жасаған Ушуровтар отбасына дәрігерлер қауымы алғысын білдірді.