Партиялықтар Павлодар ауруханаларына 169 оттегі концентраторын табыстады

Партиялықтар Павлодар ауруханаларына 169 оттегі концентраторын табыстады

Партиялықтар Павлодар ауруханаларына 169 оттегі концентраторын табыстады
ашық дереккөзі
Бүгін «Nur Otan» бастауыш партия ұйымының төрағасы «Ertis Business Association» кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп Павлодар облысының 16 медициналық мекемесіне 169 оттегі концентратын табыс етті. Медициналық аппараттар «Шұғыла» республикалық Қоғамдық Қоры есебінен сатып алынды. Қорға бизнес өкілдерінен, меценаттардан, «Nur Otan» партиясы мүшелерінен, шоу бизнес жұлдыздарынан және Қазақстанның бей-жай қарамайтын тұрғындарынан ақшалай қаражат түседі. Карантин кезінде Қор 4000 оттегі концентраторын сатып алды, оның 240-ы Павлодар облысына жіберілді. - «Шұғыла» Қоғамдық Қоры мен өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен біз кезекті рет медициналық мекемелерге көмек көрсете алдық. Бүгін бізге 169 оттегі концентраторы жеткізілді, олар күні бойы өңірдің барлық ауруханаларына таратылады, - деп атап өтті «SanTehPlast» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Бекмурзаев.  width= - Бұған дейін біз 40 оттегі концентратын қабылдап, денсаулық сақтау басқармасымен бірге облыстың 10 медициналық мекемесіне жеткіздік. Жақын арада жеткізудің 3 партиясы күтілуде. Қор мен партиялықтардың бастамасын «Ertis Business Association» кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қолдады, олар ақшалай қаражат түрінде көмек көрсетті және жүкті қабылдау мен бөлуге жеке қатысты. - «Шұғыла» Қорына және игі іске белсене қатысқан барлық кәсіпкерлерге алғысымды білдіргім келеді. Біз концентраторлар жүгінің екі жеткізудін жүзеге асырдық, тамыз айының соңында  медициналық аппараттын үшінші жеткізілуін күтеміз, - деді «Ertis Business Association» кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Нұрбол Шілдебаев. 9 оттегі концентраторы облыстық кардиологиялық орталыққа жіберілді. Кардиологиялық орталықтың аға медбикесі Бейнегүл Аманжолова «Шұғыла» қоғамдық қорына, «Nur Otan» партиясына және кәсіпкерлерге көрсеткен көмектеріне зор алғысын білдірді.