Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов өз еркімен қызметінен босатылды, – деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. «Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді», – делінген хабарламада. Айта кетейік, Марат Жұманқұлов аталған лауазымға 2017 жылдың 12 шілдесінде тағайындалған болатын.