COVID-19: Түркия курорттарында індет өршіді

COVID-19: Түркия курорттарында індет өршіді

COVID-19: Түркия курорттарында індет өршіді
ашық дереккөзі
Түркия курорттарында коронавирус жұқтыру деректерінің саны күрт артты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости «Біраз уақыттан бері алғаш рет індет жұқтырғандар санының күрт артқанын көріп отырмыз», - деп жазды ол Twitter-де. Шенеуніктің сөзінше, Түркия вирустың әрі қарай таралуына жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Пандемия басталғалы Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 234 мыңнан асты. Науқастардың 5,7 мыңнан астамы көз жұмса, 218 мыңнан аса адам емделіп шықты. Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 18,5 миллионнан асты. Індеттен 700 мыңнан астам адам көз жұмды. Өз еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда өткен тәулікте 1062 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 95 мыңға жуықтады. Індеттен 67 мыңнан аса адам емделіп шықса, 1058 адам көз жұмды.