Жұмыспен қамтудың жол картасы: 154 мың жұмыс орны құрылды

Жұмыспен қамтудың жол картасы: 154 мың жұмыс орны құрылды

Жұмыспен қамтудың жол картасы: 154 мың жұмыс орны құрылды
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 6 373 жобаны іске асыру басталып, оның 154 мың жұмыс орны құрылғанын хабарлады. ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы органдар іске асыру үшін 6 762 жобаны іріктеп алды. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:
  • әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 729 жоба);
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 088 жоба);
  • инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 926 жоба);
  • елдімекендерді абаттандыру (1 019 жоба).
ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс. 4 тамыздағы жағдай бойынша өңірлерде 6 373 жоба бойынша жұмыс басталды, 154 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 88 мың адам жұмысқа орналасты.