Карантин: шағын қалалардағы колледждер штаттық режимде жұмыс істейді

Карантин: шағын қалалардағы колледждер штаттық режимде жұмыс істейді

Карантин: шағын қалалардағы колледждер штаттық режимде жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Елімізде колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы  қашықтан оқыту форматында басталады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды. Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтықтан білім алады. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі. Алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді. Бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болады (бірнеше топ құрылады). Магистратура мен докторантура студенттері үшін сабақтар ішінара қашықтықтан оқытылады. Интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі формата жүретін болады.