Ливандағы жарылыс: жарақат алғандар саны 2500 адамнан асты

Ливандағы жарылыс: жарақат алғандар саны 2500 адамнан асты

Ливандағы жарылыс: жарақат алғандар саны 2500 адамнан асты
ашық дереккөзі
Ливан астанасы Бейрут қаласында болған жойқын жарылыс салдарынан 27 адам көз жұмып, жарақат алғандар саны 2500-ден асты, – деп жазды ВВС. Қазіргі кезде ауруханалар жаралыларға толып, көптеген ғимарат бұзылған. Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, кеше, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды. Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Желіде таралған видеода Ливан астанасы аспанында пайда болған қою түтін жарылыстың салдары екенін көрсетеді.