Жамбыл облысында спортшылар көлігі апатқа ұшырап, үш адам қайтыс болды

Жамбыл облысында спортшылар көлігі апатқа ұшырап, үш адам қайтыс болды

Жамбыл облысында спортшылар көлігі апатқа ұшырап, үш адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жол апаты орын алып, үш адам қайтыс болды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Жол апаты 3 тамызда сағат 06:40 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық жолдың 193-шақырымында болған. «МАЗДА-323» маркалы көлік Алматы қаласынан Тараз қаласына бара жатқан. 21 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай көлік жолдың оң жақ жиегіне шығып, аударылып кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Олардың бірі еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Қордай ауданының орталық ауруханасына түрлі дене жарақатымен үш ер адам жатқызылды, келесі күні ауруханада 24 жастағы еркін күрестен спорт шебері қайтыс болды», – делінген ведомство хабарламасында. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Сондай-ақ, сот-медициналық және көлік құралының техникалық жағдайын зерттеу сараптамасы тағайындалған.