Шетелден келген ұлтты қазақ студенттердің визасы ұзартылды

Шетелден келген ұлтты қазақ студенттердің визасы ұзартылды

Шетелден келген ұлтты қазақ студенттердің визасы ұзартылды
ашық дереккөзі
«С9» санатындағы білім алуға арналған виза Қазақстанның білім беру ұйымдарында оқып жатқан студенттерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Атап өтейік, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға келуіне шақырту ресімдеу, Қазақстан визасын беру,  күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ оның қолданылу мерзімін ұзарту және қысқарту қағидасы қолданыстағы заңнаманың 49-тармағымен (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығы) реттеледі. Ал визаның қолданылу немесе Қазақстан аумағында болудың рұқсат етілген визасыз мерзімі өткенге дейін Қазақстанның аумағынан кетуге кедергі болған форс-мажорлық жағдай орын алса, я болмаса рейс, поезд немесе өзге көлік құралы жөнелтілімі кідірген жағдайда «В20» санатындағы виза беру қарастырылған. Осыны ескере отырып, көші-қон мәртебесін реттеу және шығу визасын ресімдеу үшін көші-қон қызметінің аумақтық басқармасына жүгіну керек. Қазақстан азаматтығы жоқ ұлтты қазақ студенттердің елде болу мерзімін ұзарту туралы толығырақ білу үшін 1404 нөміріне хабарласып, сұрауға болады.