Президент Есеп комитетінің төрайымына тапсырма берді

Президент Есеп комитетінің төрайымына тапсырма берді

Президент Есеп комитетінің төрайымына тапсырма берді
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Есеп комитетінің төрайымы Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу барысы және квазимемлекеттік сектор компанияларының активтерін тиімді басқаруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Наталья Годунованың айтуынша, экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған ресурстарды Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары жіті бақылап отыр. Үкімет қабылдаған шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі осы жылдың соңына дейін бағаланатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің жақында өтетін отырысында аудит қорытындыларын заңнамаға сәйкес қарастыруды және мемлекеттік активтерді тиімсіз басқаруға қатысты анықталған деректер бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Президенттің пікірінше, Есеп комитеті ауқымды әрі тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.