COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 18 миллионнан асты
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 18 миллионнан асып жығылды. Індеттен 688 мыңнан аса адам қайтыс болды. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Соңғы аптада індет Австралия, АҚШ, Оңтүстік Африка мен Үндістанда қарқынды таралуда. Австралияның Виктория штатында вирус жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты апат режимі жарияланды. Аймақта соңғы тәулікте 671 адамнан індет анықталған. Штат астанасы Мельбурнде 4-ші деңгейдегі сақтық шаралары енгізілді. Қала тұрғындарына тұратын жерінен 5 шақырым радиуста азық-түлік алу немесе спортпен шұғылдану үшін ғана үйден шығуға рұқсат етіледі. Індет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде үшінші орында тұрған Үндістанда үшінші күн қатарынан ауру жұқтырғандар саны 50 мыңнан асты. Ал  Ресейде өткен тәулікте 5 427 науқас тіркелді. Пандемия басталғалы елде 850 мыңнан астам адам ауруға шалдыққан. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1069 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 92 662-ге жетті. Қатерлі вирустан 793 отандасымыз көз жұмды.