Президент Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты

Президент Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты

Президент Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты палуан, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты, – деп хабарлайды Ақорда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге танымал даңқты палуан, Олимпиада чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі кәсіпкер Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. «Жақсылық Әмірәліұлы елімізде спорт саласының кең қанат жаюына атсалысты және жастарға үлгі болды. Өңірлерді өркендету мақсатында спорт кешендерін салып, жас спортшылардың өсіп-жетілуі және ауыл шаруашылығының дамуы жолында қыруар іс атқарды. Еселі еңбегімен, азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленіп, соңында өшпес із қалдырды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.