Оралда жаңа көпір пайдалануға берілді

Оралда жаңа көпір пайдалануға берілді

Оралда жаңа көпір пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
Оралда «Омега» зауыты ауданындағы жаңа көпір пайдалануға берілді. Көпірдің ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев Құрбан айт мейрамына орай іске қосылған нысанның қала тұрғындары үшін маңыздылығын атап көрсетті. 1978 жылы салынған көпір содан бері күрделі жөндеуден өтпеген болатын. «Мұны жаңа көпір деуге болады. Мердігерлердің сөзіне қарағанда, кемінде елу жылға, тіпті одан да көп мерзімге шыдайды. Көпірдің 85 пайызы жергілікті қазақстандық үлес есебінен тұрғызылды. Ақтөбе, Орал, Қарағанды және басқа қалалардан әкелінген құрылыс материалдары пайдаланылды. Жергілікті кәсіпорындар да жұмыс істеді. Қысқасы, барлық отандық өндірушілерге кіріс көзі табылды. Тағы бір атап өтетін жайт, көпір жөнделіп жатқан кезде Деркөл, Селекционный, Омега ауданында тұратын тұрғындар (120 мыңдай адам) қалаға №7 бағыттағы автобуспен 1 сағат 20 минутта жететін еді. Қазір бұған 25 минут кетеді. Сондай-ақ коронавирус індетімен күрес кезінде жедел жәрдем көліктері де науқастарды ауруханаларға анағұрлым тез жеткізе алады», – деді өңір басшысы. Арқалықтарды салу, асфальт төсеу жұмыстарында жаңа технологиялар қолданылды.