Араб әлеміндегі алғашқы атом электр станциясы іске қосылды

Араб әлеміндегі алғашқы атом электр станциясы іске қосылды

Араб әлеміндегі алғашқы атом электр станциясы іске қосылды
ашық дереккөзі
Әбу-Дабиде араб әлеміндегі тұңғыш атом электр станциясы –  «Барака» іске қосылды. Бұл туралы Біріккен Араб әмірліктерінің премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум мәлімдеді, деп хабарлайды life.ru. – Жұмыс тобы ядролық отынды жүктеп, жүйелі сынақ жүргізіп, операцияны сәтті аяқтады, – деп жазды ол Twitter-де. Премьер-министрдің айтуынша, алдағы уақытта БАӘ төрт атом электр станциясын іске қосуға ниетті. Сол арқылы ел тұрғындарының электр энергиясына деген сұранысының төрттен бір бөлігі қауіпсіз, сенімді және экологиялық таза жолмен қамтамасыз етілмек.