COVID-19: Әлемде жаңа рекорд тіркелді

COVID-19: Әлемде жаңа рекорд тіркелді

COVID-19: Әлемде жаңа рекорд тіркелді
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулік ішінде коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші бойынша жаңа рекорд тіркеді. Соңғы тәулікте әлемде 292 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұған дейін қатерлі вирусты жұқтырғандар бойынша ең көп адам 25 шілдеде тіркелген. Сол күні 286 мың адамнан вирус анықталған болатын. ДДСҰ дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 17 млн 100 мың адамға жетті. Індеттен 669 мыңға жуық науқас көз жұмды. Пандемия басталғалы індетке шалдыққандардың басым көпшілігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада (9,1 млн адам) және Еуропада (3,3 млн адам) тіркелген. Әлемде ауру жұқтырғанджар саны бойынша үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Мұнда 2 миллионнан астам адам коронавирус індетіне шалдыққан. Ал жекелеген елдер бойынша вирус жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ 4,3 млн адам) көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (2,5 млн адам), үшінші орында Үндістан (1,6 млн адам) тұр.