Америкадағы қазақ баласы жақындарын тапты

Америкадағы қазақ баласы жақындарын тапты

Америкадағы қазақ баласы жақындарын тапты
ашық дереккөзі
Талғатты (Тайлер Блоттер) кішкентай кезінде балалар үйінен америкалық отбасы асырап алған. Карантин уақытында ол Павлодарда тұратын туған ата-анасын тапты. Талғат ата-анасы мен бауырларын Facebook әлеуметтік желісіндегі Kazcommunity USA тобы арқылы іздеген. Осы топқа тіркелгеннен кейін өзінің хикаясын, жақындарын тапқысы келетінін айтып жазба қалдырған. – Мені Америкалық отбасы асырап алып, Мичиган қаласына алып кеткен. Олар мені өсірді, көп нәрсе үйретті. Бірақ мен оларға ұқсамаймын. Сол нәрсе мені қатты қамықтыратын. Мектепте де балалар мазақтайтын. Бөлмеме кіріп алып жылаған кездерім де көп болатын. Бірақ күресуге тырыстым. Мектеп бітіргеннен кейін Лас-Вегас қаласына көшіп бардым. Сол жерде білімімді жалғастырып, жұмыс істедім. Туған отбасым туралы әрдайым ойлап жүретінмін. Олармен танысып, жүздесуді армандайтынмын. Карантин кезінде жақындарымды табуға деген құлшынысым тіптен артты, – дейді ол өз жазбасында. Талғаттың айтуынша, жазба қалдырғаннан кейін көптеген адамдар хат жазып, көмектерін ұсынған. Кешке қарай  Ерқанат Тасыбаев есімді бір жігіт хабарласып, мемлекеттік органдарда таныстарының бар екенін, сол арқылы көмектесуге тырысатынын айтқан. Қазақстан-Америка қауымдастығының ресми мәліметі бойынша, Ерқанат Тасыбаев үш сағаттың ішінде Талғаттың Павлодардағы отбасын тауып, бейнебайланыс та ұйымдастырып берген.  width=

Ділда Уәлибек