«Бәйтерек» монументінің авторы өмірден өтті

«Бәйтерек» монументінің авторы өмірден өтті

«Бәйтерек» монументінің авторы өмірден өтті
ашық дереккөзі
Қазақстанның құрметті сәулетшісі, «Астана-Бәйтерек» монументінің авторы Ақмырза Исаұлы Рүстембеков өмірден озды. Қайғылы қаза жайлы «Алматыгенплан» ҒЗИ хабарлады. «2020 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Исаұлы Рүстембеков қайтыс болды», - делінген хабарламада. Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі. «Астана-Бәйтерек» нысаны үшін ол ТМД елдерінің сәулетшілер одағының Халықаралық қауымдастығының X-ші халықаралық байқауында Гран-при мен алтын медальға ие болды. 2003 жылы Софиядағы Бүкіләлемдік сәулет Триенналының күміс медалін, 2003 жылы Бішкектегі Сәулет фестивалінде Гран-при және Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының алтын медалін иеленді.