30 Шілде, 10:18 306 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

ФИФА Қазақстан футбол федерациясына 1,5 млрд доллар береді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) коронавирус індетінен туындаған дағдарыстан шығынға ұшыраған ұлттық федерацияларға қаржылай көмек көрсету шешімін қабылдады.

Sports.kz-тің хабарлауынша, ФИФА атқарушы комитетінің бюросы 1,5 миллиард доллар көлемінде жиынтық төлемді мақұлдаған. Тағы 210 федерация сияқты, Қазақстан да 1 миллион доллар көлемінде ақшалай өтемақы және әйелдер футболы үшін тағы 500 мың доллар алады.

Сондай-ақ, бөлінген сома індет салдарын жоюға қаржысы жетпей қалған федерацияларға 5 миллион долларға дейін несие алу мүмкіндігі беріледі.

Айта кетсек, қазақстандық премьер-лига ойындары әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты әзірге тоқтатылды.

 

Соңғы жаңалықтар