Ақтөбеде 800 науқасты емдеген провизорлық стационар жабылды

Ақтөбеде 800 науқасты емдеген провизорлық стационар жабылды

Ақтөбеде 800 науқасты емдеген провизорлық стационар жабылды
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы БҚММУ жатақханасынан ашылған провизорлық орталық жабылды. Қала ауруханаларында орын тапшылығы туындаған уақытта шипажайда, жатақханада провизорлық стационар жабдықталған еді. Пневмония ушыққанда аталған орталықтардың барлығы науқастарды қабылдап, ем-дом жасады. Соңғы аптада ауруханаға түсушілер саны азайғандықтан медициналық университет жатақханасындағы  300 кереуетке есептелген провизорлық орталықты жабу туралы шешім қабылданды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияровтың айтуынша, провизорлық орталықта 800-ге жуық адам емделген. Қазір жабылғанымен, жатақхана резервте болады. Оттегі баллоны, оны беру жүйесі, дәрі-дәрмек қоры, кадрлары сақталады. Қажет болса қайта ашу қиындық тудырмайды. Сондай-ақ басқарма басшысы «Дару» жеке емханасындағы првизорлық орталық та жабылуы мүмкін екенін жеткізді. Айта кетейік, пандемия басталғалы Ақтөбе облысында 3004 адам індет жұқтырды. Науқастардың 1455-і емделіп шықты. 19 адам көз жұмды. Ал республика бойынша өткен тәулікте індет жұқтырудың 1472 жаңа дерегі тіркеліп, коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 88 мыңға жуықтады.