«Nur Otan» партиясы Күршім ауылындағы 8 дәріханаға тексеру жүргізді

«Nur Otan» партиясы Күршім ауылындағы 8 дәріханаға тексеру жүргізді

«Nur Otan» партиясы Күршім ауылындағы 8 дәріханаға  тексеру жүргізді
ашық дереккөзі
Бүгін «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Шәкерхан Тойбаев, аудандық партия филиалының кеңесшісі Шырын Еркінбек аудандағы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің іс жүргізу маманы Жұлдыз Исимбаева Күршім ауылындағы 8 дәріханаға  тексеру жүргізді. Рейдте індет кезінде аса қажетті 47 дәрі қорына және бағасына мониторинг жүргізілді. Дәріхана иелеріне қажетті дәрілерді қайдан алуларына болатыны айтылып, олардың бағасын тұрақты ұстаулары сұралды. Соңғы апталарда ыстық түсіретін және вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс көбейіп, тұрғындар сақтық мақсатында аталған дәрілерді көптеп сатып алып жатқаны байқалады.Жұмыс тобының рейдтік қорытындысы бойынша, аталған дәрілердің бір қолға сатылатын мөлшеріне шектеме қою және бағаны тұрақты ұстау жөнінде дәріхана иелеріне нақты ұсыныс берілді.                     
Дәрігерлерге жемістер мен тәтті тағамдар жеткізілді
Бүгін республикалық «Дәрігерлерге алғыс» акциясының аясында Nur Otan партиясының Өскемен қалалық филиалы қаладағы №1 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде ауысыммен жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне жемістер мен тәтті тағамдар жеткізіп берді.  width= Айта кетейік, мұнда 70-ке жуық дәрігерлер мен медбикелер үш апта бойы үйлеріне бармай арнайы бөлінген жатаханаларда жатып, COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуде. Бұл игі іске партияның белсенділері мен жақтастары қаржылай көмек көрсеткенін атаған абзал. Мұндай қолдау алдағы уақытта жұқпалы аурулар бөлімшелері бар басқа ауруханалардың медицина қызметкерлеріне де көрсетілетін болмақ. Жасотандықтар бетперде таратты Сонымен қатар бүгін Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының облыстық филиалындағы жастар қоғамдық орындарда кезекті рет бетперделер таратты. Нақтырақ айтсақ, бұл игі шара облыс орталығындағы арбатта ұйымдастырылды.  width= Іс-шараның басты мақсаты – өңірде болып жатқан карантин шараларына байланысты қоғамдық орындарда азаматтардың сақтық шараларын қамтамасыз ету. Азаматтардың бетперде тағуын жүйелі жүзеге асыру, қоғамдық орындардағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.  width= Бородулиха ауданы «Nur Otan» партиясы Бородулиха аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Мирагүл Бабақанова партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мейрамгүл Атаевамен бірге аудан орталығында орналасқан дәріханаларда коронавирустық инфекциямен күреске ұсынылған дәрілік препараттардың, олардың аналогтарының болуына, сондай-ақ осы препараттардың бағасына арнайы рейд жүргізді.  width= Рейд нәтижесі вирусқа қарсы және ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер бар екенін көрсетті, дәріханаларда кезек байқалмайды. Медициналық препараттардың екіден көп емес бумасын бір қолға босатуға қатысты түсінік жүргізілді. Дәріханалардың сатушылары мен иелеріне бағаны көтеруге жол берілмейтіндігі туралы ескертілді. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы