28 Шілде, 17:11 390 0 Жаңалықтар Асқар Аxметқазы

«Jas Otan» жастары Көкшетаудағы дәрігерлерге алғыс айтты

Көкшетауда «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы жалғасуда. Бұл шараға мұрындық болған – Ақмола облысының «Jas Otan» жастар қанаты.

Акцияға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, қалалық маслихат депутаты Мади Елубаев қолдау көрсетті. Шара аясында дәрігерлерге дәруменге толы пакеттер ұсынылды.

«Қазіргі уақытта ауруханаларды аралап жүріп, дәрігерлерге дәрумендерге толы дорбаларды табыстаудамыз. Бұл акцияны тағы бірнеше күн жалғастырамыз деген ниетіміз бар: күн үш аурухананы қамтимыз», – деп атап өтті «Jas Otan» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының жетекшісі Сұлтанбек Бекешев.


Сондай-ақ, ол бұл шараға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті қаржылай қолдау көрсеткенін айтты.

Бүгін жастар алдымен Жедел жәрдем бекетінің қызметкерлеріне алғысын білдірді, ары қарай қаладағы тағы 5 стационарды аралауды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар