Нұр-Сұлтанда көтерме-тарату орталығы салынады

Нұр-Сұлтанда көтерме-тарату орталығы салынады

Нұр-Сұлтанда көтерме-тарату орталығы салынады
ашық дереккөзі
Елордада мемлекеттік-жекешелік серіктестік арқылы көтерме-тарату орталығы салынады. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды Елорда инфо. «Көтерме-тарату орталықтарында көкөніс сақтау желісін дамыту бойынша нақты инвесторлармен жұмыс істеуді бастадық. Қазіргі уақытта көтерме-тарату орталықтарының құрылысы бойынша 3 инвестор бар. Сонымен қатар, министрлікпен бірлесіп мемлекеттік-жекешелік серіктестік арқылы қосымша көтерме-тарату орталықтарын салу жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл инфрақұрылымның бәрі болашақта елорданың әлеуметтік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – дейді басқарма басшысы. Еске сала кетсек, ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру» жобасын мемлекеттік-жекешелік серіктестік көмегімен әзірлеуді қолға алды. Ал, сәуір айының соңында Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктердің бәріне көтерме-тарату орталығын салу үшін арнайы жер учаскесін бөлуді міндеттеген болатын.