COVID-19: Өте ауыр халдегі науқасты емдеуге 1,7 млн теңге бөлінеді

COVID-19: Өте ауыр халдегі науқасты емдеуге 1,7 млн теңге бөлінеді

COVID-19: Өте ауыр халдегі науқасты емдеуге 1,7 млн теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
Елімізде коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған тарифтер әзірленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.  «Қазір қосымша 110 млрд теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында елімізде қосымша 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл есептеулер әлі нақтыланатын болады, өйткені олар коронавирус пен пневмония бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитініне тікелей байланысты», - деді ол. Болат Төкежановтың айтуынша, Қор КВИ диагностикасына, емдеуге және асқынуларға байланысты барлық шығынды медициналық ұйымдарға өтеу үшін емдеудің ауырлығын ескере отырып, жаңа тарифтер әзірледі. «Осылайша, коронавирустық инфекцияның жеңіл деңгейіндегі бір науқасты емдеу – 292 600 теңге, орташа деңгейдегі науқас – 446 100 теңге, ауыр науқасты емдеу – 1,5 млн теңге. Өте ауыр халдегі науқасты емдеу үшін Қор бір науқас үшін 1,7 млн теңге төлейді», - деді Қор басшысы.