Президент педофилді ұстаған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады

Президент педофилді ұстаған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады

Президент педофилді ұстаған полицейді "Айбын" орденімен марапаттады
ашық дереккөзі
Алматы қаласында педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров Президент Жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. – Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігіне қарасты Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бакиров II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын, – делінген Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының мәтінінде. Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Бәкіров полицейден қашып кетпек болған қылмыскердің артынан 13 қабаттың терезесінен секірген. Құқық қорғау органдарының қызметкері екі қабаттан төмен жерге құлап, аяғын сындырып алады. Сөйте тұра ол қылмыскерді құрықтап, әріптестері оқиға орнына жеткенше ұстап отырған. Ұсталған азамат кәмелетке толмаған адамды тонау және зорлау үшін айыпталуда. Полиция майоры Бақытжан Бәкіров аяғына үш операция жасады. Дәрігерлер емделушінің қазіргі жағдайы жақсы және көп ұзамай жұмысқа оралып, тағы да көптеген қылмыскерді ұстай алатынына сендіреді. Бүгінгі таңда полиция майоры мен жұбайы екеуі алты баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы.