Қазақстан екі мемлекетке гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан екі мемлекетке гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан екі мемлекетке гуманитарлық көмек жібереді
ашық дереккөзі
Қазақстан Үкіметі Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойған қаулы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.  «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыларды айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын» делінген қаулыда. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.