Қандас талапкерлерге ҰБТ 19 шілдеде өткізілетін болды

Қандас талапкерлерге ҰБТ 19 шілдеде өткізілетін болды

Қандас талапкерлерге ҰБТ 19 шілдеде өткізілетін болды
ашық дереккөзі
ҚЫТАЙ, МОҢҒОЛИЯ және ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ қандастар үшін ҰБТ 2020 жылғы 19 шілдеде өткізілетін болды. Түлектер мен ата-аналарының өтініштерін ескере отыра, сонымен қатар, онлайн форматтағы тестілеуді өткізуге техникалық тұрғыдан тестіленушілердің дайындығы қажет болғандықтан тестілеу шілденің 17-нен 19-на ауыстырылды. Естеріңізге саламыз, қандастарға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2020 жылғы 19-шы шілде күні таңғы сағат 10.00-де (ҚР Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) ОНЛАЙН ФОРМАТТА өткізілетін болады. Яғни әр тестіленуші өз үйінде отырып, ҰБТ тапсыра алады. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ол үшін әр тестіленушіге ғаламторға (интернетке) қосылған компьютер (1024 Mбит/сек.- ғаламтор жылдамдығын speedtest.net сайтында тексеруге болады), «Google Chrome» ғаламтор браузері, веб-камера және онлайн форматта Youtube каналына тестілеуді түсіру мүмкіндігі бар смартфон қажет болады. Қосымша ақпаратты 18 шілде күні өздеріңіздің өтініштеріңізді тіркеген жоғары оқу орындарынан аласыздар (тестілеуге кіруге арналған сілтеме мен логин/құпиясөз).